15 шілде 2021

Subaru Outback автокөлігінің алтыншы буыны. Алдын ала тапсырыс беруге қолжетімді.

2021 жылғы 15 шілдеде Subaru Kazakhstan компаниясы өткіштігі жоғары су жаңа Subaru Outback универсалының алтыншы буынына тапсырыстар қабылдаудың ресми түрде басталуын хабарлайды. Бүгіннен бастап біздің флагман моделіміз Қазақстандағы барлық Subaru ресми дилерлік орталықтарында алдын ала тапсырыс беруге қолжетімді.
Қазақстандық нарықтағы жаңа Subaru Outback жанармай тікелей бүркілетін 2,5 литрлік Subaru Boxer жаңа буынды көлденең-оппозиттік бензинді қозғалтқышымен жабдықталады. Оның ең жоғары қуаты ұлғайтылды, қазір ол 188 а. к. құрайды, ал 245 Нм болатын ең жоғары бұрау сәтіне 3400-4600 айн/мин ауқымында қол жеткізіледі. Жаңа салқындату жүйесі суық күйде оталдыру кезінде қозғалтқышты қарқынды жылытуды қамтамасыз етеді. Беріліс сандарының ауқымы ұлғайтылған жетілдірілген Lineartronic сатысыз трансмиссиясы енді орыннан қозғалу кезінде үздік динамиканы қамтамасыз ете отырып бұрау сәтін бұрынғыдан да жақсырақ жеткізеді.

2022 модельдік жылғы Subaru Outback негізінде Subaru Global Platform (SGP) жаңа буын платформасы жатыр. Ол басқару қолайлылығы мен тұрақтылықты жақсартуға, жайлылықты арттыруға және пассивті қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Subaru Global Platform арқасында жаңа Outback автокөлігінің өлшемдері ұлғайды, сыйымдылығы артты. Алдыңғы буынмен салыстырғанда автокөліктің ұзындығы 50 мм-ге (4870 мм-ге дейін), ені – 35 мм-ге (1875 мм) өсті, ал биіктігі (1675 мм) мен дөңгелектер базасы (2745 мм) өзгеріссіз қалды. Жол саңылауы бұрынғыдай 213 мм.
Subaru Outback автокөлігінің алтыншы буыны мүлдем жаңа интерьер дизайнымен мақтана алады, ол автокөлікті жаңа, біршама жоғары премиумдық деңгейге көтереді. Салонның өңделуі жоғары сапалы материалдарды қолдана отырып жасалған, ал бүкіл жүйені басқару енді толық қайта өңделген интерфейсі бар диагоналы 11,6 дюймдік жаңа тік Full HD дисплейге көшірілді.
Жаңа Outback көлігінің техникалық жабдықталуы ерекше назар аудартады. Өйткені ол ыңғайлы және пайдалы функциялардың толық жиынтығы мен көру бұрышы едәуір үлкейтілген жаңа стереокамера және өнімділігі жоғары бағдарламалық құрал енгізілген EyeSight жүргізушінің көмекші жүйесі кіретін EyeSight Safety Plus превентивті қауіпсіздік жүйелерінің пакетіне ие болды. Жабдықтауда алғаш рет алдыңғы әйнекте EyeSight жүйесінің жұмыс режимдерінің жарық диодты проекциясы пайда болды. Outback автокөлігінде енді Driver Monitoring System (DMS) жүргізушінің күйін қадағалау жүйесі бар. Ол көлікті жүргізіп келе жатқан адамның назары тек көлік басқаруға бағытталатынын бақылап отырады, ал ұйқышылдық белгілері немесе жүргізушінің басқаға алаңдап, жолға қарамай отырғаны алғаш анықталған сәтте оған назарын шоғырландыру қажеттігі туралы ескертеді. Driver Monitoring System сонымен қатар әртүрлі бес жүргізушіге дейін есте сақтай отырып, беттерді тани алады. Олардың әрқайсысы үшін ол орындықтардың, айналардың, климат-контрольдің және мультимедиалық жүйенің жеке параметрлерін автоматты түрде қалпына келтіреді.

Сонымен бірге Outback мүлдем жаңа, қазақстандық нарықта алғаш рет ұсынылып отырған қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Бұл бейімделетін бас жарықтандыру, автоматты шұғыл маневр жасау, алда келе жатқан автокөлікке ілесіп жүрген кездегі бейімделетін рульді басқару және жолақтың ортасында ұстап тұру жүйелері. Бейімделетін бас жарықтандыру жүйесі қарсы келе жатқан және бағыттас көлік құралдарының жүргізушілерінің көздерін қарықтырмау үшін жарық ағынының үлестірілуін динамикалық түрде басқарады. Бұл ретте қалған аймақтар максималды жарықтандырылған күйінде қалады. Автоматты шұғыл маневр жасау жүйесі соқтығысудың алдын алу тек тежелуді қолдану арқылы мүмкін емес болған жағдайда іске қосылады. Оның көмегімен автокөлік рульмен басқаруды іске қосады және кедергіні айналып өту үшін оңтайлы траекторияны өзі табады. Бейімделген круиз-контрольдің ыңғайлылығы артты: қозғалыс жолағының ортасында ұстап тұру жүйесі пайда болды, ол Сізге қашықтықты сақтап қалумен қатар солға және оңға ығысу әрекеттерін қайталай отырып, алдыда жүріп бара жатқан автокөліктің артынан қозғалып отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автоматты шұғыл тежеу жүйесінің жұмысы айтарлықтай жақсарды. Енді ол қиылыстардан өткен кезде пайда болатын қауіпті жағдайлардың жаңа түрлерін анықтай алады.
Осындай таң қалдырарлық өзгерістерге қарамастан, автокөліктің сыртқы келбеті жүз пайыз танымал күйінде қалды. Жаңа Subaru Outback – әйгілі жапон брендінің заманауи мәнердегі үлгілі өкілі. 26 жыл бұрынғыдай бүгін де Outback – өз класындағы бірегей автокөлік. Тек қазір оның керемет жол талғамайтын қабілеттеріне бірегей жоғары технологиялық жабдықтар мен люкс класты жайлылық қосылды. Тұрақты жапондық құрастырумен бірге мұның бәрі бізге алтыншы буынды Outback автокөліктерінің бәріне бес жылдық кепілдік беруге мүмкіндік берді. Біз осындай артықшылықтар жиынтығымен ол қауіпсіздік, басқарушылық, жайлылық және жаңа деңгейдегі ыңғайлылық саласындағы шынайы сән шығарушыға айналатынына сенімдіміз.

Мына сілтеме бойынша тест драйвқа жазылыңыз: https://subaru.kz/ru/test-drive

icon icon icon icon icon

www.uralsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.