Crosstrek

17 750 000 тг бастап

Ерекшеліктері

Ішкі көрініс

Ішкі көрініс

Мүлдем жаңа Crosstrek автокөлігін ұсынамыз.
Қала ішіндегі көңілді серуендерден бастап табиғат аясындағы белсенді шытырман оқиғаларға дейін Crosstrek әрбір сапардың қызығын арттырады.
Оны қуатты алдыңғы бөлігі мен шығыңқы қанаттары бар үшкіл әрі динамикалық дизайны көздерді қуантады.
Кез келген жолда сенімді болу үшін ең жаңа Subaru қауіпсіздік технологияларымен жабдықталған Crosstrek күнделікті өмірде де, әдеттен тыс сапарлар кезінде де теңдесі жоқ жайлылықты қамтамасыз етеді.

11,6 дюймдік орталық дисплей

11,6 дюймдік орталық дисплей

Үлкен 11,6 дюймдік сенсорлы дисплей аудиожүйе мен басқа да пайдалы функциялардың смартфон бетіндегідей интуитивті түсінікті басқарылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Apple CarPlay¹ және Android Auto² секілді ақпараттық және ойын-сауық мүмкіндіктерінің кең спектрін қолдайды.

60/40 пропорциясында жиналатын артқы орындықтар

60/40 пропорциясында жиналатын артқы орындықтар

Артқы орындықтардың әмбебап жиналмалы арқалықтарының арқасында өлшемі ұзын заттарды жеңіл орналастырыңыз.

Электржетекпен ысырылатын және көлбеу бұрышы реттелетін люк³

Электржетекпен ысырылатын және көлбеу бұрышы реттелетін люк³

Салон ішіне жарық түсіріп, барлық жолаушыларға жағымды, әрі жайлы атмосфера қалыптастыратын люк.

Сымсыз зарядтау<sup>3.4</sup>

Сымсыз зарядтау3.4

Qi стандартымен үйлесімді смартфоныңызды немесе басқа құрылғыларыңызды зарядтаңыз. Орталық аспаптар тақтасында орналасқан және жеңіл қолжетімді құрылғы тез зарядтауға арналған 10 Вт-қа дейінгі қуатты қамтамасыз етеді.

*¹ Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының АҚШ-та және бас елдерде тіркелген тауарлық белгісі болып табылады.
*² Android және Android Auto — Google Inc. компаниясының тауарлық белгілері болып табылады.
*³ Опция ретінде.
*⁴ Qi сымсыз зарядтау тәсілі кейбір мобильді құрылғылармен үйлеспеуі мүмкін.

Экстерьер

Технологиялар

Lineartronic

Lineartronic

Lineartronic өз диапазонындағы кез келген арақатынасқа автоматты түрде бейімделеді, берілістердің жатық және сатысыз ауыстырылып қосылуын қамтамасыз етеді, жылдамдықты бірқалыпты және тиімді үдету, жүргізу динамикасы және ең үздік отын үнемділігі үшін қозғалтқышты ең тиімді жұмыс диапазонында ұстап тұрады. Жүйе әдепкі қалып бойынша айналдыру сәтін алдыңғы және артқы дөңгелектердің арасында теңгеріп үлестіретін және оны ағымдағы ілінісу жағдайларына байланысты реттеп отыратын Subaru белсенді толық жетегімен үйлеседі.

X-MODE

X-MODE

Екі режимді X-MODE*
Екі функциялы X-MODE-тың көмегімен автокөлігіңіздің шынайы әлеуетін ашып көріңіз. Жол жағдайларына байланысты 11,6 дюймдік сенсорлы экран арқылы [қар/топырақ] немесе [омбы қар/батпақ] режимдерін ыңғайлы ауыстырып қосыңыз.

*Екі режимді X-MODE тек CROSSTREK 2.0i-S EyeSight модельдерінде ғана қолжетімдіі.

КӨЛДЕНЕҢ ОППОЗИТТІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ

КӨЛДЕНЕҢ ОППОЗИТТІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ

Subaru BOXER қозғалтқышы немесе көлденең оппозитті қозғалтқыш поршеньдері бір-біріне қарай көлденең бағытта қозғалатын қозғалтқыш конфигурациясынан тұрады. Қозғалтқыштардың өзге түрлерімен салыстырғандағы көптеген артықшылықтарының болуына байланысты Subaru 50 жылдан ұзақ уақыт бойы толықтай Subaru BOXER қозғалтқышын жақтап, өз автокөліктерінің ұзақ мерзімділігі мен сенімді өнімділігін қамтамасыз етіп келеді.

Жоғары тұрақтылық

Жоғары тұрақтылық

Төмен орналасқан ауырлық ортасы мен жалпақ конструкциясы қозғалтқыштардың басқа түрлерімен салыстырғанда жақсырақ бүйірлік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Табиғи теңгерім

Табиғи теңгерім

Қозғалтқыш конструкциясы табиғи қаттылық және өздігінен теңгерілу қасиетіне ие, өзге қозғалтқыш түрлерімен салыстырғанда азырақ діріл туғызады.

SI-DRIVE

SI-DRIVE

Кез келген дерлік жағдайда бірден қуаттылық пен маневрлілікті қамтамасыз ету үшін көлік жүргізу стиліңізге қарай Subaru Intelligent Drive (SI-DRIVE) қозғалтқыштың жауап әрекетін баптай алады.

Спорттық режим

Бұл сезімталдығы жоғары режим жылдамдықты бірден үдетудің арқасында әртүрлі жағдайларға мінсіз сай келеді. Ол автомагистральдармен немесе ирелең жолдармен тез жүру кезіндегі ләззат алу сезімін қайтарады.

Интеллектуалды режим

Бұл режим қуаттың бірқалыпты берілуін қамтамасыз етеді және қала ішіндегі жергілікті көшелермен жүруге, алыс саяхаттарға немесе жоғары отын үнемділігіне қол жеткізуге мінсіз сай келеді. Ол сондай-ақ жаңбыр жауып тұрғанда немесе қар басқан жолдарда икемді басқаруды қамтамасыз етеді.

SUBARU Global Platform платформасы

SUBARU Global Platform платформасы

Subaru Global Platform жетілдірілген платформасына және раманың толы ішкі конструкциясы қосылған заманауи технологиялар 50 жылдан ұзақ уақыт бойы жетілдірілген Subaru толық жетек жүйесімен бірге жолаушыларға көбірек ләззат сезімі мен сенімділікті қамтамасыз етеді. Құрылымдық желімдерді қолданудың және аспаның бекітілу нүктелерінің қаттылығындағы жақсартулардың арқасында жалпы жүргізу динамикасы едәуір жақсартылды, бұл бәріне жол үстінде уақытты жайлы әрі жағымды өткізуден ләззат алуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Сенімділік саласының көшбасшысы


Жаңа Crosstrek кез келген деңгейдегі тәжірибесі бар жүргізушілерге кез келген жағдайларда сенімді және жағымды жүргізуді қамтамасыз ететін заманауи қауіпсіздік жүйелерін ұсынады. EyeSight¹ жүйесінің жаңа буынынан өзге LED бұрылыс көрсеткіштері және Мультифункциялы монитор² секілді жүргізушіні қолдау функциялары көлік жүргізуді әлдеқайда жайлы етеді.
Кең бұрышты монохромды камера

Кең бұрышты монохромды камера

Төмен жылдамдықтарда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің анықталуын жақсарту үшін қосымша кең бұрышты монохромды камера стерео камерамен бірлесіп жұмыс істейді.

EyeSight — бұл жүргізу жағдайларының бәрінде бірдей оңтайлы жұмыс істемеуі мүмкін жүргізушінің көмекші жүйесі. Жүргізуші көлікті қауіпсіз және мұқият жүргізуге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтауға әрдайым жауапты болады. Жүйенің тиімділігі автокөліктің техникалық ахуалы, ауа райы жағдайлары және жолдың күйі секілді көптеген факторларға байланысты.
Опция ретінде

EyeSight

Жолақта ұстап отыру және бейімделетін рульмен басқару

Жолақта ұстап отыру және бейімделетін рульмен басқару

Алдыда жүріп бара жатқан көлік құралын анықтаудың жақсартылған дәлдігінің арқасында көлік жүргізу кезіндегі шаршауды азайтуға мүмкіндік береді, бұл круиз-контрольге тіпті тік бұрылыстарда да жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бейімделетін круиз-контроль

Бейімделетін круиз-контроль

Алдыдағы автокөлікке дейінгі жылдамдық пен арақашықтықты бақылай алады, бұл тығыз трафик жағдайларында қолайлы.

Бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі*

Бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі*

Жақындап келе жатқан бетпе-бет соқтығысу қаупін анықтаса, сізге дыбыс сигналымен және жыпылықтайтын индикатормен ескерте, сондай-ақ соқтығысудың алдын алу немесе оның салдарларын азайту үшін басқаруға араласа алады.

*Бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі барлық жағдайларда бірдей жұмыс істемеуі мүмкін. Нысандармен арадағы жылдамдық айырмашылығына, нысанның биіктігіне және басқа да жағдайларға байланысты әрбір жағдай EyeSight оңтайлы жұмысына қажетті шарттарға сәйкес келе бермеуі мүмкін.
Қауіпсіздік
Артқы жүріспен жүрген кезде автоматты тежеу (RAB)

Артқы бампердегі төрт датчик артқы жүріспен жүрген кезде автокөліктің артындағы кедергілерді анықтайды. Егер кедергілер анықталса, жүйе жүргізушіге дыбыс сигналдарымен ескерте және соқтығысуға жол бермеу немесе оның салдарларын азайту үшін автоматты түрде тежегіштерді қолдана алады.

Қауіп-қатерлерден сақтану

Subaru Global Platform платформасының, төмен орналасқан ауырлық ортасы бар дизайнының, жетілдірілген аспасының және күшейтілген конструкциясының арқасында автокөлік жолдағы қауіп-қатерлерден сақтануға көмектесіп, бұлтару маневрлеріне лезде жауап қатады.

Қауіпсіздік жастығының қосымша қауіпсіздік жүйесі (SRS)*

Алдыңғы SRS* қауіпсіздік жастықтары, алдыңғы бүйірлік SRS* жастықтары, перде тәрізді SRS* жастықтары, тізеге арналған SRS* жастығы және алдыңғы жолаушы орындығындағы SRS* жастық соқтығысу жағдайында барлық жолаушыларды қорғаудың анағұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін стандартты жинақтамаға кіреді.

Жарықдиодты бұрыштық шамдар

Жарықдиодты бұрыштық шамдар немесе бұрылу кезіндегі көмекші фаралар тәуліктің қараңғы мезгілінде жол қиылыстарындағы апаттардың алдын алуға көмектеседі. Солға немесе оңға бұрылған кезде олар қозғалыс бағытындағы автокөліктің алдындағы аймаққа жарық түсіреді де, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді ерте байқауға көмектеседі.
*опция ретінде

img
img
img
img

Басқарылуы бейімделетін фаралар (SRH)

Басқарылуы бейімделетін фаралар (SRH)

Жоғары көру мүмкіндігі

Жоғары көру мүмкіндігі

Автокөліктің динамикасын басқару жүйесі + Айналдыру сәтін белсенді векторлық үлестіру

Автокөліктің динамикасын басқару жүйесі + Айналдыру сәтін белсенді векторлық үлестіру

Салонды қорғайтын конструкция

Салонды қорғайтын конструкция

Шеңберлі күшейткіш рама

Шеңберлі күшейткіш рама

*Қауіпсіздік белбеулерімен бірге қолданғанда тиімді.
*Жүргізуші көлікті қауіпсіз және мұқият жүргізуге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтауға әрдайым жауапты болады. Көлікті қауіпсіз жүргізу үшін тек осы қауіпсіздік функцияларына ғана сенім артпаңыз. Бұл жүйенің жұмысына қатысты бірқатар шектеулер бар. Жүйенің жұмысы мен шектеулері туралы толық ақпарат алу үшін Пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін өз дилеріңізге хабарласыңыз.
icon icon icon icon icon

www.uralsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.