31 тамыз 2021

Subaru Forester 16-18MY-ге арналған SRT303 сервистік науқаны

Subaru автокөліктерінің сенімділігі – өндіруші жұмысының ең басты басымдықтарының бірі. Сондықтан Subaru автокөлігінің өндірушісі үнемі жаңа автокөліктер мен олардың элементтерін және жұмыс істеп тұрған элементтерді зерттейді.
Осындай зерттеулердің бірінің нәтижесі бойынша өндіруші 2016-2018 модельдік жылдардағы (2015 жылдан 2018 жылға дейін шығарылған) кейбір Subaru Forester автокөліктерінде кері қайтарып алу науқанын жариялау туралы шешім қабылдады.
Бұл қызмет көрсету науқанын жариялаудың себебі кондициялау жүйесі конденсаторының ашылып кетуі және одан салқындатқыштың ағып кетуі болды. Бұл кондиционер қосылған салонда суықтың болмауы ретінде көрінуі мүмкін.
Ықтимал ақаулықты болдырмау үшін автокөлікте орнатылған кондициялау жүйесінің каталогтық нөмірін тексеру және қажет болған жағдайда, оны жаңа, жетілдірілген түріне ауыстыру қажет.
Осы қайтарып алу науқаны шеңберіндегі барлық жұмыстарды Subaru кез-келген ресми дилері Сіздің көлігіңізде тегін жүргізеді.
Біз өзіңізге ыңғайлы кез-келген Subaru ресми дилерімен хабарласуды және көрсетілген жұмыстарды орындауға жазылуды сұраймыз.
Subaru көлігін таңдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіреміз.

icon icon icon icon icon

www.uralsk.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.